Корея Ресей мен Беларуське сатпайтын тауарларының түрін көбейтеді
Оңтүстік Корея Ресей мен Беларусь еліне сатуға шектеуі бар тауарлар тізімін кеңейте түспек.
Бұл туралы Республиканың Сауда, өнеркәсіп және Энергетика министрлігі мәлім етті. Мәлімдемеге сәйкес, қазіргі таңда елде экспортқа шығарылмайтын тауар саны 800-ге жуықтап қалған. Шектеудің жаңа ережесі осы жұмада, сәуірдің 28-і күні күшіне енеді. Жаңа тізімде Құрылыс және өнеркәсіп саласының жабдықтары, өзге химиялық заттар бар. Сонымен қатар кей техника түрлеріне, компьютерлерге шектеу қойылған. Құны 50 мың доллардан асатын көлік бөлшектерін де сатуға рұқсат жоқ. Жаңа шектеулерге қатысты шешім ақпан айының соңында қабылданған екен.