Түркияда қылмыстық топтарға қатысы бар 110 адам тұтқындалды

Түркияда күрдтердің қылмыстық топтарына қатысы бар деген 110 адам тұтқындалды.

Бұл - мамырдың 14-і өтетін президенттік сайлау қарсаңында жүргізілген рейд жұмыстарының нәтижесі. Қамауға алынғандардың қатарында саясаткерлер, журналистер, суретшілер мен заңгерлер де бар. Арнайы операция елдің оңтүстік-шығысындағы күрдтер көп шоғырланатын ірі қала Диарбақырда жүргізілген. Қылмыстық топтарды тексеру жұмыстары Ыстамбұлдан бөлек, 20-дан астам провинцияда өткен. Күлдіктілерге бірқатар террористік топтармен байланысы бар, елде тыйым салынған қозғалыстарды қаржыландыруға көмектесті және оларды насихаттады деген айып тағылып отыр. Жергілікті билік өкілдері: "Қазір саяси дода жақындаған сайын түрлі қарулы топтардың белсендірігі артуы мүмкін", - дейді. Сондықтан елдегі қауіпсіздік мейлінше күшейтілмек.