Мальдивте ажырасатындар көп
АҚШ-та жыл сайын 4-5 миллионға жуық азамат үйленеді.
Бірақ олардың тең жартысы көп ұзамай ажырасып кетеді.
Әлемде неке көп бұзылатын елдің бірі Мальдив. Дүниежүзі халықтарын зерттеумен айналысатын америкалық ұйымның мәліметеріне қарағанда, арал мемлекетте 1 мың адамға шаққанда 5 ажырасудан келеді екен. Көбіне жас жұбайлардың дәм-тұзы жараспай, некесін бұзуына жаңа отбасындағы келіспеушілік себеп болады. Бірақ бұл елде некемен бірге ажырасу да тез рәсімделеді.
Беларусьта некенің бұзылуы жиілеген
Беларусьта да жас жұбайлар жиі ажырасады. 2018-ші жылы бұл мемлекетте шаңырақ көтерген жастардың 48 пайызы некелерін бұзған. Бірақ ең қиын жағдай 2020-шы тіркелген. Ол кезде бұл көрсеткіш 70 процентке жуықтаған. Зерттеулер нәтижесі неке бұзу туралы арыз көбіне әйелдер тарапынан жазылатынын көрсеткен. Оның басты себептеріне өмірге деген көзқарастың өзгеруі, ұзақ іссапарлар, тұрмыстық зорлық-зомбылық және көзге шөп салуды айтуға болады. Жергілікті билік жағдайға алаңдап, ажырасуды шешкен азаматтарды татуластыру ісіне көңіл бөле бастаған.
Шри-Ланка ажырасу аз тіркелген ел
Ал дүниежүзінде ажырасу аз тіркелетін елдердің көш басында Шри-Ланка тұр. Мұнда 1 мың адамға шаққанда некенің бұзылуы 0,5 пайызды ғана құрайды. Одан кейін Вьетнам мен Гватемаланы айтуға болады. Бірақ бұл елдерде некені бұзу да күрделі. Ал нәзік жандардың ажырасып, балаларын жеке асырауы қиынға соғады.
Авторлары: Дәурен Ақашұлы, Акерке Бақтыбайкызы