Мексикада автобус құздан құлап, 18 адам қаза тапты

Мексикада жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 18 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 33 жолаушы жарақат алды. Олардың 11-і – бала. Оқиға Наярит штатындағы Компостела мекеніне жақын жерде болды. Тау ішінде келе жатқан автобус жолдан шығып кетіп, 15 метрлік құздан құлап түсті. Апаттың себептері анықталып жатыр.