Жапонияда жалақы өседі
Жапонияда компаниялар жұмысшыларының жалақасын өсіруге ниетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Шара инфляция мен жұмысшы күшінің тапшылығына байланысты қолға алынбақ. Мысалы, ірі компаниялар қызметкерлерінің ақысын 3,8%-ке ұлғайтпақшы.
Айта кеткен жөн, Жапонияда жұмысшылардың жалақысы 1990 жылдан бері өспеген.
Тұрғындар:
- Бағалар күн сайын өсіп жатыр. Менің балаларымның оқуы да қымбаттап кетті. Тапқан табысымыз отбасымызды асырауға жетпейді. Сондықтан жалақымды көтерсе жақсы болар еді.
- Шынымды айтсам, жалақыны көтерсе дейімн. Бірақ қазір бүкіл әлемде дағдарыс қой. Осы себепті оны өсіру қиынға соғатын шығар.