АҚШ-та сауық кешінде үйдің төбесі құлады

АҚШ-тың Огайо штатында студенттер сауық құрып, үйдің төбесін ортасына түсірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сол кезде 14 адам жарақат алды. Колумбус қаласындағы бұл ғимарат көп кісінің салмағын көтере алмаған. Полицияның мәлімдеуінше, оқиға кезінде үйдің төбесінде 40-тан астам студент болған.