Қытайдың химия зауытында жарылыс болды

Қытайдың Шаньдун провинциясындағы химия зауытында жарылыс болды.

Кәсіпорын аумағы өртке оранған. Әзірге белгілісі 5 адам көз жұмып, біреуі жарақат алған. Тағы бір азамат ұшты-күйлі жоғалып кетті. Қазір оқиға орнында шұғыл әрекет ету қызметі жұмыс істеп жатыр. Апатқа не себеп болғаны белгісіз. Құқық қорғау органдары мән-жайды анықтауға кірісті.