Франциядағы ереуіл қақтығысқа ұласты
Францияда ереуілдердің басылатын түрі жоқ.
Бұл жолы Парижде 1 мамырға орайластырылған шеру соңы полициямен қақтығысқа ұласты.
Наразылық акциясы басталмай тұрып-ақ, полицейлер 3 мыңға жуық тексеру жүргізіп, ондаған адамды қамауға алды. Олардан қауіпті заттар тәркіленді. Ал ереуіл басталғаннан кейін жағдай тіптен ушығып кеткен. Жиылған жұрт тәртіп сақшыларын таспен атқылып, бөтелке лақтырған. Күштік құрылым өкілдері оларға қарсы көз жасаурататын газ қолданды. Елде ереуілдердің жалғасып келе жатқанына бірнеше ай болды. Наразы топ зейнетке шығу жасын 62-ден 64-ке ұлғайту реформасын тоқтатуды талап етуде.