Перу мен Чили шекарасында мигранттардың наразылығы күшейді
Перу мен Чили шекарасында мигранттардың наразылығы күшейді.
Олар жолдарды жауып, полициямен қақтығысқан. Босқындар өткізу бекеттеріне жатып алып, көліктердің жүруіне кедергі болды. Олардың көбі Перу арқылы үйге оралғысы келетін венесуэлалықтар екен. Босқындар шекарада 20 күндей тұрып қалған екен. Жалпы Перуде шамамен бір жарым миллион Венесуэла азаматы тұрады. Бірақ басым бөлігі ресми құжаттарын алмаған көрінеді. Соңғы деректер бойынша Перуде 400 мыңдай тіркелмеген мигрант бар.