Әлемде журналистке шабуыл жасау көбейді
Әлемде соңғы жылдары журналистерге шабуыл күрт өсті.
БҰҰ баспасөз еркіндігі күніне орай осындай мәлімет жариялады. Дерекке сүйенсек, былтыр әлемде бұқаралық ақпарат құралдарының 67 қызметкері қаза тапқан. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 50 пайызға артық. Ал соңғы 5 жылда дүниежүзіндегі адамдардың 85 пайызының сөз еркіндігі шектеліпті. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының Баспасөз еркіндігі күні деп жариялағанына бүгін 30 жыл толды.
Гильерме Канела де Соуза Годой, ЮНЕСКО-ның сөз бостандығы мен журналистер қауіпсіздігі жөніндегі бөлімінің басшысы:
- Журналистерге шабуыл жиілеп кетті. Осыдан 10 жыл бұрын 10 журналистің өлімінің 9-ы ашылмай қалып, қылмыскерлер 100 пайыз жазаланбайтын еді. Бірақ қазір де жағдай сол кездегіден аса өзгере қойған жоқ. Қазір бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне шабуыл жасаушылардың 86 пайызы жазаға тартылмайды. Бұл өте алаңдатарлық жайт.