Бразилияда 9 адамның мүрдесі табылды
Бразилияның Яномама аймағында 8 адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Федералды полиция олардың заңсыз, алтын кенімен айналысқан күдіктілер екенін айтады. Бұдан басқа, Яномама тайпасына тиесілі тағы 1 байырғы тұрғынның мәйіті мен жарақат алған 2 кісі анықталған. Олардың неден қайтыс болғандығы туралы әзірге ақпарат жоқ. Былтыр үкімет заңсыз алтын өндірушілерді аталған аймақ аумағынан күшпен шығарған болатын. Өйткені олар өзенді ластап, жергілікті тайпа өкілдерін улап, егіс алқабынан айырып, аштық қаупін тудырған.
Жалпы бұл өңірде байырғы Яномама тайпасының 30 мың өкілі, өмір сүреді. Олар тұратын өлкенің аумағы Португалия жерінен үлкен.
Марина Силва, Бразилияның Қоршаған орта министрі:
- Жер серігі арқылы алынған мәліметке сүйенсек, заңсыз алтын өндірушілердің 80%-і жұмысын доғарып, ол аумақтан кеткен. Қалған бөлігі бізге үлкен қарсылық танытып жатыр.
Сония Гуаджаджара, Бразилияның Байырғы халықтар жөніндегі министрі:
- Біз барлық заңсыз кен өндірушілер Яномама жерінен кеткенше, беріспейміз. Жұдырықтай жұмыла түсуіміз керек. Қақтығыс толық аяқталғанша, тыным таппаймыз.