Америкалық компания Альцгеймер ауруына қарсы дәрі ойлап тапты

Америкалық «Элай Лилли» компаниясы Альцгеймер ауруының дамуын баяулататын дәрі ойлап тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Дона-не-маб» деп аталатын препарат науқаста дерттің өсуін 35%-ке төмендетеді. Мұны осы дәрінің соңғы үшінші сынағы көрсетіп отыр. 1,5 жылға созылған зерттеуге 1 мың 700 адам қатысқан. Оның барысында дәріні қабылдаған 47% адамда дерттің қабынуы тоқтаған. Бірақ кей науқастарда мидың ісінуі сияқты кері жанама әсерлер де тіркелген. Дегенмен Бірлестік АҚШ-тың дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасына препаратты қолдануға рұқсат беруге өтініш жолдамақ.