Лондонда тәж кигізу жорасы кезінде қауіпсіздік күшейтіледі
Үшінші Чарльз патшаға тәж кигізу салтанаты кезінде 29 мыңнан аса полицей Лондонда қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қаланың құқық қорғау органдары, Британияның көлік полициясы және Сити ауданы мен Оңтүстік-Шығыс Англия полициясының үйлестірілген қимылына «Алтын держава операциясы» деген атау қойылды.
Жаңа патшаның тәж кигізу жорасы Вестминистер шіркеуінде өтеді. Мұнда 1066 жылдан бері 39 патша таққа отырғызылған.
Естеріңізде болса, Елизавета патшайымынан кейін британ тәжі мұрагері үшінші Чарльзге өтті. Монархты ресми ұлықтау рәсімі мамырдың 6-сы күні өтеді.