А. Руссоның туындысы бәссаудаға қойылады
Танымал француз суретшісі Анри Руссоның «Ле фла-ман» туындысы аукционға шығарылады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл «Кристи» сауда үйінің биылғы көктемде сатылымға қойған ең қымбат туындысының біріне айналуы мүмкін. Шебердің 1910 жылы салған картинасы 20 млн долларға бағаланып отыр. Онда басқа елге ешқашан саяхаттап көрмеген суретші джунглиді бейнелеген.
Мамырдың 11 мен 14 аралығында Нью-Йоркте өтетін бәссаудаға Пикассо мен Баскияның да туындылары қойылады.
Макс Картер, Christie’s аукцион үйінің өкілі:
- Бұл осы маусымда бәссаудаға шығарылатын ең сирек туынды болғалы тұр. Соңғы рет бұл картина осыдан 30 жыл бұрын Лондондағы аукционда 4 миллион 400 мың долларға бағаланған еді. Оның қазіргі құны 20-30 миллион доллар болады. Бұл – шынымен бірегей туынды.