АҚШ-та 3 мың мұғалім наразылыққа шықты
АҚШ-та тағы наразылық. Бұл жолы Окленд округінде 3 мыңға жуық адам көшеге шықты.
Жиналған жұрт жалақыны өсіруді талап етіп жатыр. Өңірдегі 80 мектептің оқытушылары жұмыс жағдайына қанағаттанбай отыр. Шеруге қатысушылардың айтуынша, қазір халықтың әлеуметтік жағдайы тым нашарлап кеткен. Айлық аз. Мұғалімдердің кейбірі басқа жұмысқа ауысқан. Оқу орындарында психологтарға сұраныс көп. Себебі пандемиядан кейін көп отбасы күйзеліске түскен. Сондықтан кей оқушыларға көмек керек. Окленд – Калифорния штатында орналасқан аймақ. Мұнда 34 мыңға жуық бала оқиды.
Кристан Уэрта, мұғалім:
- Қазір бәрі қымбат. Үй жалдау, азық-түлік пен жанармай бағасы шарықтап тұр. Біздің жұмысымыз бағаланбайды. Осы жерде талай жылдар жұмыс істеп жүргендер бар. Мамандығын жақсы көргеннен жүр. Айлықты өсіру керек әйтпесе мектептерде оқытушы қалмайды.