Жапонияда жер сілкінді
Жапонияның метереологиялық агенттігі алдымен зілзала күшін 6,3 балға бағалап, кейін оны 6,5 балға көтерді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Судзу елді мекенінде табалдырықтан құлаған бір ер адам қаза тапты. Жарақат алып, есінен талған тағы 2 адам ауруханаға жеткізілді. Осы аймақта орналасқан 2 атом электр станциясына зақым тиген жоқ.
Жапонияда жер жиі сілкінеді. 2011 жылы болған жойқын зілзаладан кейін цунами соғып, бұл Фукусима атом электр станциясындағы апатқа әкелген болатын.
Хирокадзу Мацуно, Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы:
- Бүгін сағат үшке 18 минут қалғанда Исикава префектурасының Ното ауданында қуаты 6 балдан асқан зілзіла болды. Жер сілкінгенде теңіз біраз толқыды, бірақ цунами қаупі жоқ. Сондай-ақ Шика мен өзге де атом электр станциялары қалыпты жұмыс істеп жатқаны туралы хабар алдық.