Арасында екі әйел бар: ғарышкерлер ұшуға дайындық курсын бастады

Германияның Кёльн қаласында Еуропаның жаңа 5 ғарышкері дайындық курсын бастады.

Арасында 2 әйел бар. Олар 1 жыл бойы жаттығады. Сосын ғарышқа аттануы тиіс. Сала мамандары 22500 үміткердің арасынан іріктеліп алынған. Бұған дейін Еуропаның ғарыш агенттігіне мүше 22 ел, алдағы 3 жылда ғарышты игеру саласының бюджетін 17 пайызға арттырып, 17 миллиардтай еуро бөлуге уағдаласқан болатын. Ірі жобалардың арасында Марсты зерттеу де бар.

Марко Сибер, швейцариялық ғарышкер:

- Өмірім түбегейлі өзгерді. Бір шытырман оқиғалы саяхатқа тап болғандай күйдемін. Бәрі маған қызық. Бірақ көп еңбектенуіміз керек. Тыңғылықты дайындықтан өтеміз.