Техаста атыс кезінде балалар жараланды
Техаста сауда орталығында атыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Салдарынан 9 адам көз жұмып, тағы 10-ға жуығы жараланды. Жапа шеккендер арасында балалар бар. Оқиға орнына келген полицей қаскөйдің көзін жойды. Оның не үшін мұндай әрекетке барғаны әзірге белгісіз.
Айта кеткен жөн, АҚШ-та биыл қару қолдану деректері жиілеп кетті. Жыл басынан бері жасалған жаппай шабуылдардың саны 198-ге жетті. Мұндай жағдай кейінгі 7 жылда тіркелмеген.
Коул Корчек, куәгер:
- Мен анаммен бірге дүкен аралап жүргем. Кенеттен атысқа ұқсас дыбыстар естілді. Жанымдағы адамдардан сұрап едім, олар дыбыстардың маңайдағы құрылыс алаңынан шыққанын айтты. Бірақ сосын қолында қаруы бар ер адамды көрдік. Ол алдынан шыққанның бәріне бейберекет оқ атты. Біз бір топ адам болып дүкеннің ішінде тығылып отырдық.