Кореяда Азиядағы ірі туристік көрме өтті
Алматы облысының туристік мүмкіндіктері Сеулде таныстырылды.
Кореяда Азиядағы ең ірі көрмелердің бірі өтті. Оған 43 елден 208 компания қатысты. Қазақстан павильоны келуішілердің арасында, кеңінен танымалдыққа ие болды.
Владислав Цой, тілші:
- Сеул халықаралық туристік көрмесіне Алматы облысы атынан 20-ға жуық туристік компания, фольклорлық ансамбль әртістері мен студенттер қатысты. Басқа елдердің павильондарынан айырмашылығы – бізде қазақ әнін тыңдап, ұлттық астан дәм татуға болады.
Алматыға корей туристерінің қызығушылығы жоғары.Әсіресе, корейліктер арасында ондағы гольф клубтар мен казинолар кеңінен танымал. Оңтүстік шаһарға Инчхон әуежайынан аптасына бірнеше рет әуе рейстері қатынайды. Бұл транзиттік мүмкіндік Орталық Азияны аралап шығуды қалайтындар үшін де өте қолайлы.
Айбар Теменов, Алматы облысы туризм басқармасының басшысы:
- Қазір мысал үшін судың жағажайында 8 километрлік жаяу жүргіншілерге арналатын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп отыр. Өздеріңіз білетіндей барлық шетелдерде мысал үшін Израильдің Тель-Авивінде, Антальяның барлық жағында жағажайдың бәрі әдемі абаттандырылған. Осы Қапшағай су қоймасы да тұра осылай жақын уақытта абаттандырылып туристерге одан да үлкен да тартымды болатын сенімдімін.
София Тастемірова, туристік компаниясының директоры:
- Біздің Шарын каньонымыз әлемдегі ең үлкен каньондарының бірі ерекше жер. Әрине ол жерді көргісі келітіндердің қатары қалың. Және де аспанмен таласқан биік тауларымыз бар. Ондай таулар әрбір елде бола бермейді. Және де Қайынды, Көлсай көлдерін көрген жанның көзі тоймайды.
Биыл Конаевта алғаш рет шетелдіктер үшін бірнеше халықаралық фестиваль өтеді. Сондай кештің бірінде тек Кореяға ғана емес бүкіл әлемге танымал Иманбек өнер көрсетеді. Туристер әуе шарына отырып, Алматының әсем табиғатына тамсана алады.
Сим Джон Сик, Сеул тұрғыны:
- Қазақстанда жақсы велотурлар бар деп естідім. Ол туралы маған Қазақстаннан келген туристер айтып берді. Тіпті тікұшаққа отыруға болады дейді. Гольф алаңдары туралы да естідім. Корейлер гольф ойнау үшін Еуропаға ұшады. Ал егер сіздер Корея халқын жақсы гольф алаңымен таныстырсаңыздар, көптеген туристер сіздердің елдеріңізге барады.
Былтыр Алматы облысына 1 миллион 200 мың турист келген. Оның 200 мыңы шетелдіктер. Биыл бұл көрсеткіш 2 есе артады деп күтілуде.
Владислав Цой, Ольга Лян