Конгода су тасқынынан қаза тапқандар саны артты

Өткен аптада Конго демократиялық республикасында екі елді мекенді жаймап кеткен су тасқыны құрбандарының саны екі есе көбейді.

Оңтүстік Киву өңірінің губернаторы 401 адам опат болғанын хабарлады. Бұл елдегі ең жойқын табиғи апат болды. Алайда жүздеген адам із-түссіз жоғалып кеткенін ескерсек, қаза болғандар бұдан да көп болуы мүмкін. БҰҰ-ның мәліметінше, 3 мыңдай адам баспанасыз қалды.