Түркі әлемі тағы бір дипломатиялық алаңмен толықты

Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Венгрия Ташкентте ірі географиялық кеңес құрды.

Кеңесте үкіметтік емес ұйымдар ғылым, білім, экология, мәдениет және туризм саласында еларалық жобаларды талқылайды. Штаб-пәтері Ташкентте орналасады. Мақсат - түркітілдес елдердің ғылыми-зерттеу институты мен қоғамдық бірлестіктері арасындағы ынтымақтастықты тереңдету. Әрі тарихи-мәдени мұраны сақтауға ортақ күш-жігер жұмылдыру. Бұл іске «QazaqGeography» бірлестігі ұйытқы болған.

Орман Нұрбаев, «QazaqGeography» РҚБ басқарма төрағасы:

- Бүгінгі оқиғадан бұрын 1 жылдай жұмыс атқарылды. Идея Астанадан шыққан. Негізгі фокус – біздің болашағымыз. Оқушылардан бастап, жастар. Сондай көңіл-күймен жұмысқа кірісіп отырмыз.