Перуде денге безгегіне байланысты ТЖ ұзартылды
Перуде денге безгегі қайта өршіді.
Соған байланысты елдің 20 аймағында төтенше жағдай мерзімі 120 күнге ұзартылды. Індеттің таралуына толассыз жауын мен күннің тез ысуы себеп. Соның салдарынан өңірлерде ауру тарататын масалар көбейді. Жыл басынан бері 73 мың адам дертке шалдыққан. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі жағдаймен салыстырғанда 2,5 есе көп. Қазір ауру асқынған аудандарда зарарсыздандыру шаралары күшейтілген.