АҚШ-та ойын-сауық кешінде атыстан адамдар жараланды
АҚШ-та студенттер кешінде атыс болды.
Оқыс оқиға Нью-Гэмпшир штатындағы Манчестер қаласында тіркелген. Атыс кезінде 4 адам жараланды. Полиция деректеріне қарасақ, оқиға жергілікті білім ордаларының бірінде болған. Белгісіз 2 ер адам ғимаратқа басып кіріп, қонақтарға оқ жаудырған. Полиция қылмыскерлерді іздеп жатыр. Зардап шеккендер жақын маңдағы аурухаға жеткізілген. Олардың жағдайы ауыр дейді дәрігерлер.
Мэтью Бартер, Манчестер полициясының лейтенанты:
- Офицерлер оқиға орнын қоршап алды. Қазір бұл жер қауіпсіз. Тергеу басталды. Жәбірленушілер төртеу екені белгілі. Олар 2 қыз бен 2 жігіт. Барлығы 20 жаста. Жараланғандар медициналық көмек алып жатыр.