Йемен халқы Газа секторына әуе шабуылын айыптады
Йеменде мыңдаған адам ереуілге шықты.
Жиналған жұрт Израильдің Газа Секторға жасаған әуе шабуылын айыптайды.
Наразы халық ел астанасы Санаға жиналды. Тұрғындар Израиль мен АҚШ-қа қарсы түрлі ұрандар айтып, қарсылықтарын білдірді. Олардың айтуынша, бауырлас елге жасалған зұлым әрекеттер тыйылу керек. Бұл шиеленісті тоқтататын кез келді. Еске салайық, таяуда Израиль мен Газа Секторы арасында шиеленіс қайта өршіді. Екі жақ бір-біріне әуеден шабуыл жасап, бірнеше жарылыс тіркелді. Салдарынан бейбіт тұрғындар қаза тапқан.