Мексикада жол апатынан 26 адам қаза тапты

Мексиканың солтүстігінде болған жол апатынан 26 адам қаза тапты.

АҚШ-пен шекаралас Тамаулипас штатында жолаушыларды тасымалдаған фургон тіркемесі бар жүк көлігіне келіп соққаннан кейін кенеттен өрт шығады. Оқиға орнына жеткен полиция тіркемені тартқан көлікті тапқан жоқ. Зәресі ұшқан жүргізуші ізін суытқан секілді. Апатта кім қаза тапқаны әзірге белгісіз. Мексикада жүк фургондары жиі заңсыз мигранттарды тасымалдайды.