Колумбияда үш тонна есірткі тәркіленді

Колумбияда 3 тонна есірткі тәркіленді.

Кокаинның ірі партиясы суасты кемесінде табылған. Жергілікті полиция мұндай жағдайды соңғы 30 жылда көрмеген. Есірткі Тынық мұхиты арқылы Орталық Америкаға тасымалданбақ болған екен. Әскери-теңіз күштерінің деректері бойынша қылмыскерлер ірі көлемді есірткіні ұсақтап, 30 килограмнан жәшіктерге бөліп жеткізбек болған. Оқиға орнында 45-60 жас аралығындағы 3 ер адам ұсталды. Қазір оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Колумбия полициясының  мәлімдеуінше, табылған есірткінің жалпы сомасы 87 млн долларға бағаланып отыр.