Канаданың Торонто қаласының мэрі лауазымына 102 кандидат сайлауға түседі, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тұрғындар өз таңдауын маусым айының соңында жасайды. Десе де бұл орынға үміткер әуелден-ақ көп болатын. Мәселен, 2014 жылы сайлауға 65 кандидат қатысқан. Қалалық кеңес бұл жолы да барлық үміткерді тіркеген.
