Жаңа Зеландиядағы өрт: ондаған адам жоғалып кетті

Жаңа Зеландия астанасында хостелдің бірі өртеніп, 6 адам қаза болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

52 адамның жағдайы белгісіз. Өрт ғимараттың жоғарғы қабатынан шығып, ғимараттың қалған бөлігіне тез тараған. Бірақ оның неден тұтанғаны белгісіз. Жергілікті билік құрбандардың саны артуы мүмкін деп отыр. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Дин Сильвестер, Веллингтон қаласы полициясының командирі:

- Өрттен қанша адамның қаза болғанын нақты айта алмаймыз. Өйткені бұған дейін онда қанша кісінің тұрып келгені әлі белгісіз. Қазір тергеушілер осының бәрін анықтап жатыр.