Қытайда аптап ыстық: ірі қалаларда ескерту жарияланды

Қытай аптап ыстыққа дайындалып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазірдің өзінде Шанхайда ауа температурасы 34 градусты көрсетіп тұр. Алдағы күндері бұдан да ыстық болады, - дейді мамандар. Ірі шаһарларда ескерту жарияланды. Билік өкілдері бұл коронавирус пандемиясынан кейін енді қалпына келе бастаған экономикаға кері әсер етеді деп алаңдап отыр. Ауа райының қолайсыздығынан әсіресе ауыл шаруашылығы зардап шегеді.    

Лю Цинь, саяхатшы:

- Жыл сайын аптап ыстық жиі қайталанатын болды. Бұл климаттың өзгеруінің бір салдары болуы да мүмкін шығар. Сондықтан табиғатты аялауымыз керек. Жылдан жылға күн ыси берсе, кейін жағдай не болмақ?