Қытайда жұмыссыз жастар көбейді

Әлемде жұмыссыздық көбейді.

Алпауыт АҚШ-тың өзінде жәрдемақыға кіріптар жандардың саны еселеп артқан. Ұлыбритания да қызметкерлерді қысқартып жатыр. Жұмыссыздықтың артуына не себеп, сонымен?

Жұмыс орындарының жаппай жабылуына негізі себеп көп. Бірінші кезекте инфляцияны атауға болады. Басқа да мәселелер бар. Бұл туралы бірер сәттен кейін айтамын.

АҚШ-та жәрдемақы сұраушылар көбейді 

Жұмыстан шығып, жәрдемақыға қарап отырған америкалықтардың саны 12 пайызға артып, 264 мың адамға жетті. Масылдықтың мұндай жоғары көрсеткіші соңғы 1 жарым жылда алғаш рет тіркелген.Олар әсіресе МассачУсетс, Калифорния мен Нью-Йорк штаттарында көп. Экономистер мұны пайыздық мөлшерлеменің өсуімен байланыстырады. Яғни несиенің үстемақысы артқан. Ал бұл өз кезегінде еңбек нарығына кері әсер етіп отыр. Әзірге технология және тұрғын үй мамандары жұмысынан қағылуда. Мамандар қысқарту науқаны басқа саланың қызметкерлерін де қыспаққа алады деп болжайды.

Джером Пауэлл, федералды қор жүйесінің төрағасы:

- Еңбек нарығына тықыр таянды. Бірінші тоқсанда орташа алғанда айына 345 мың жаңа жұмыс орны ашылған еді. Наурызда жұмыссыздық деңгейі 3 жарым пайыз мөлшерінде ғана болған. Енді кері кету үдерісі басталды.

Vodafone 11 мың қызметкерін қысқартады

Қысқарту британиялықтарға да жетті. Осы елдегі ең ірі байланыс операторы Vodafone штатын 10 пайызға азайтуға мәжбүр. Яғни 11 мың адамға жұмыссыз қалу қаупі төніп тұр. Бұған компанияның өз уәжі бар. Басшылар бұл шара бәсекелестікті арттыруға бағытталған дейді. Өйткені Vodafone өнімдерін көп пайдаланатын Еуропада сатылым кеміген. Компаниядағы қысқарту науқаны 3 жыл бойы жүргізілмек. Соңғы есеп бойынша, Ұлыбританиядағы инфляция деңгейі 10 пайызға жеткен. Бұл "Үлкен жетілік" елдерінің арасында тіркелген ең жоғарғы көрсеткіш.

Жұмыссыздықтың тағы бір үлкен себебі - жасанды интеллект. Әлемдегі ірі инвестициялық банктердің бірі - "ГОлдман Сакстың" болжаныма сүйенсек, ((ВИДЕО)) жасанды зерде алдағы 10 жылда 300 миллион жұмыс орнын алмастыруы мүмкін. Ал Дүниежүзілік экономикалық форумның есебі бойынша, жасанды интеллект пен автоматтандыру жүйесі 2025 жылға қарай 85 миллион адамды жұмыстан қағылтпақ.

Джейсон Вреденбург, Стивенс технология институтының профессоры:

- Жасанды интеллекті әсіресе шығармашылықпен айналысатын адамдарға қауіп төндіріп тұр. Біз Америка әдебиеті, кинотану, теледидар және автомобиль өнеріне қатысты салаларда зерттеу жүргізіп жатырмыз. Жасанды зерде студиядағы жұмысты автоматтандырып, еңбек күшін қысқартуға ықпал етуі мүмкін. Мәселен, "Нетфликс" және "Амазон" компаниялары содан 2007 жылдан бері жасанды интеллект технологияларына инвестиция сала бастаған. Жасанды зерде сериалдар сияқты шоу-бағдарламаларға мыңдаған сценарий жазып бере алады.

Технологиялық компаниялар биыл 170 мың адамды жұмыссыз қалдыруы мүмкін. Қазірдің өзінде "Амазон" компаниясы 9 мың, "Мета" корпорациясы 10 мың қызметкерін қысқартатынын ескертті. Амеркиалық банк - "ГОлдман Сакстың" өзі 3 мыңнан астам жұмыс орнын қысқартты. Ал еуропалық "Кредит СуИсс" наурызда жабылып, швецариялық "Ю-Би-Ес"қаржы холдингіне қосылуға мәжбүр болған еді.

Тим Баджарин, нарық сарапшысы:

- Жасанды интеллекті штаттағы адамдардан құтылуға тікелей ықпал етуде. Бұған әрине қымбатшылықтың да әсері бар. Бұл үрдіс енді тоқтамайды. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс түбегейлі өзгеріп жатыр.

Қытайда жастар арасында жұмыссыздық көбейген. Қазірдің өзінде 16 мен 24 жас аралығындағы азаматтардың 20 пайызы екі қолға бір күрек таба алмай жүр. Бұл мәліметті елдің Статистика бюросы таратты. Өйткені экономика коронавирустан кейінгі дағдарыстан әлі айығып үлгермеген.

"Университетті жаңадан бітірген мамандар жұмыс таппай босқа сенделіп жүр. Білімі жоғары жастар көп болса да, олар істейтін жұмыс орындары өте аз. Бізге қиын тиіп жатыр". 

Сауд Арабиясында технология мамандарына сұраныс жоғары 

Сауд Арабиясында басқаша үрдіс байқалып отыр. Корольдік биыл ақпараттық технология мен киберқауіпсіздік саласында 25 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашқалы отыр. Қазірдің өзінде инженерлерге деген сұраныс жоғары. Осылайша билік технологиялық өндіріс көлемі 50 пайызға артып, жалпы ішкі өнім көлемі 13 миллиард 300 миллион долларға жетеді деп сенеді.