АҚШ-қа ағылған мигранттар нөпірі басылар емес
Әсіресе Мексикамен шекаралас Аризонада олардың қарасы қалың.
Бір түнде жүздеген босқын арадағы шекараны кесіп өтіп жатыр. Естепріңізде болса 11-мамырда "42 бөлім" деп аталатын шектеу шараларының мерзімі аяқталған еді. Ол коронавирус пандемиясы кезінде қолданған. Ереже күшін жойғалы АҚШ-қа бет алған босқындардың саны күрт артып кетті. Екі күн ішінде шекараны заңсыз кесіп өткені үшін 10 мыңнан аса адам қамауға алынған.