Канадада орман өрті өршіп барады
Алберта провинциясында 95 мың гектар орманды алқап күлге айналды.
Аймақты көк түтін басып, төтенше жағдай жарияланып отыр. Жергілікті билік 100 шақты өрт ошағы тіркелгенін мәлім етті. Жалпы орман өрті 600 мың гектарды шарпыған. Әсіресе 20-гектарды сөндіруге мүмкіндік болмай тұр. Лапылдаған от тез тарап жатыр. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Бірақ жағдай ушықса тұрғындар эвакуациялануы мүмкін. Тілсіз жауды ауыздықтауға 2500-ге жуық өртсөндіруші жұмылдырылған.
Колин Блэр, Төтенше жағдай қызметінің өкілі:
- Қазір көк түтін жылдам тарап барады. Ауа ластанып, көру мүмкіндігі төмендеді.Жолдарда көлік қозғалысы тежелуі мүмкін. Тұрғындар барынша үйде, ғимарат ішінде отырғаны жөн. Біз апатпен күресу үшін бар күшімізді салып жатырмыз.