Боснияда толассыз жауыннан өзендер тасып жатыр
Боснияның батысында толассыз жауған жаңбырдан бірнеше қала мен ауылды су басты.
Апат аудандарынан жүздеген адам қауіпсіз жерге көшірілді. Жолдардың көбін су шайып, кей мекендер оқшауланып қалған. Кейбір қалаларда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқынының салдарымен күреске әскерилер жұмылдырылған.
Амир Корчич, Покой ауылының басшысы:
- Соңғы бір тәулікте Уна өзені қатты көтеріліп, ауылымыздағы ондаған үй су астында қалды. Жолдарды су шайып, қатынас қиындады. Қазір кей үйлерден адамдарды көшіріп, жапа шеккендерге көмек көрсетіп жатырмыз.
Италияның солтүстік-шығысында да жауын селдетіп, су тасқыны жүрді. Толассыз жауған жаңбырдан Эмилия-Романья мен Марке аймағындағы өзендер тасып, көптеегн мекен су астында қалған. Кей жерлерде лай көшкіін жүрген. Жапа шеккендер туралы ақпар жоқ.
Айта кетейік, Италияда жыл басынан жауын-шашын болмай қуаңшылық тұрып, шаруалар көп зардап шегіп келген еді.