Қазақ тілін жақсы көретін АҚШ азаматы
«Қазақ тілі әлемдегі ең әдемі әрі әуезді тіл. Сондықтан да мен оны жақсы көремін», - дейді Вашингтонда тұратын америкалық азамат Грейди Вон.
Осыдан төрт жыл бұрын Астанада 9 ай тұрып ағылшынша үйретіп әрі өзі де қазақша үйреніп кеткен Грейди Қазақстанды сағынатынын айтады. Әсіресе Бозжыраға барған сапарынан үлкен әсер алған. Тақауда жол түссе Қазақстандағы достарына қонаққа келмек. Өзі ниет пен жігер болса қазақ тілінің грамматикасы соншалықты қиын емес деп санайды.
Грейди Вон, Вашингтон қаласының тұрғыны:
- Меніңше қазақша орыс тіліне қарағанда әдемірек және менің мақсатым қазақша еркін сөйлеу. Бұл қиын тіл емес.