Самарқандта ЕҚДБ басқарушылар кеңесінің отырысы өтті

Самарқандта ЕҚДБ басқарушылар кеңесінің отырысы өтті

Еліміздің Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл Самарқандта өткен Еуропалық қайта құру және даму банкі басқарушылар кеңесінің отырысына қатысты.

Ол әріптестерін Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті. Еліміздің шетелдік капиталды тартуға әлеуеті зор екенін де атап өтті. Сондай-ақ бизнес-форумда «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен ЕҚДБ Қазақстандағы өкілдігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.