Сауд Арабиясында араб елдері лигасының саммиті басталады
Сауда Арабиясында бүгін араб елдері лигасының саммиті басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Шараға Сирия елінің басшысы Башар Асад 2010 жылдан бері алғаш рет қатысқалы отыр. Өткен аптада бірқатар елдің қарсылығына қарамастан Дамаск қайтадан ұйымға мүше болып қабылданды.
Араб елдерінің лигасы 1945 жылы наурыз айында құрылған болатын. Оның мақсаты – ұйымға мүше елдердің өзара байланысын нығайтып, мүдделерін бірлесіп қорғау.