Ауғанстанда 2,3 млн балаға аштық қауіп төніп тұр
Ауғанстанда биыл 2 млн-нан аса бала ашаршылыққа ұшырауы мүмкін.
Олардың 900 мыңдайы тойып тамақ ішпеген. Бұл туралы БҰҰ-ның Балалар қоры мәлімдеді. Ауғанстанда 2021 жылы билікке тәліптер келген соң экономикалық ахуал күрт нашарлап кетті. 40 млн-ы тұрғыны бар елдегі халықтың жартысына шұғыл гуманитарлық көмек қажет.
Фран Экиза, Ауғанстандағы БҰҰ Балалар қорының өкілі:
- Бізде Ауғанстандағы балаларға гуманитарлық көмек көрсету үшін қаржы жетіспейді. Соңғы айда осы шараларға қажетті соманың 22%-і ғана жиналды. Сондықтан әлем елдері мәселені шұғыл түрде шешуге күш салуы қажет.