Чилиде жаңа салық реформасы мақұлданды
Чилиде пайдалы қазбаларға қатысты жаңа салық реформасы қабылданбақ, деп хабарлайды «Хабар 24».
Таяуда Конгрес асыға күткен ресми құжатты мақұлдады. Сенатта 100-ден астам депутат жаңа салық жүйесін қолдаған. Реформаға сәйкес енді ірі мыс және литий өндіретін компаниялар төлейтін салық мөлшері көтерілді.
Чили негізі әлем бойынша ірі мыс өндіруші ел болып есептеледі. Ал бұл элемент – қазіргі таңда таптырмас құнды қазба. Себебі барлық электромобильдерді қуаттайтын құралдар, қажетті жабдықтар осы материалды қажет етеді.
Қаржы министрі Марио Марсель болашақта тау-кен компанияларына деген талап күшейтілетінін жеткізді. Жаңа заңнама еліміздің табиғи байлығына қатысты келеңсіз оқиғалардан аулақ болуға мүмкіндік береді, - дейді ол. Өйткені компаниялардың жауапкершілігі артады. Енді жылына 80 000 тоннадан астам таза мыс өндіретін компаниялар 47%-ке дейін салық төлейді.