Франция билігі бағаны төмендетуге кірісті

Франция ірі бірлестіктермен бағаны төмендету бойынша келіссөз жүргізе бастады.

Инфляцияны ауыздықтаудың басқа амалы жоқ. Азық түліктің жылдық өсімі 15 пайызға жеткен. Ірі сауда желілері тұрмысқа аса қажетті заттардың бағасын арзандатты. Енді үкімет азық-түлік тасымалдаушы 75 ірі бірлестікпен баға саясатына қатысты ортақ мәміле жасамақ. 

Оливия Грегуар, Францияның сауда және туризм министрі: 

- Бәсекелестік мәселелері жөніндегі бас басқарма 1 мың 700 тауардың бағасын саралады. Оларды зерттеу елде инфляциямен күрес шараларын енгізгенге дейін жүргізілді. Осы ретте ірі сауда жүйелері тұрмысқа аса қажетті кей заттардың құнын шамамен 13 пайызға түсіргенін айта кету керек.