Қытай ең ірі көлік экспорттаушы ел атанды
Қытай көліктің ең ірі экспорттаушысы ретінде әлемде бірінші орынға шығып, Жапонияны басып озды.
Алғашқы тоқсанның нәтижесі осындай. Биыл 3 айда күншығыс елі 1 миллион 47 мың темір тұлпар экспорттаса, қытайлықтарда ол көрсеткіш 1 миллион 69 мыңға жеткен. Қытайдан көлік сатып алған мемлекеттердің алғашқы бестігіне Ресей, АҚШ, Мексика, Ұлыбритания мен Бельгия кіріп отыр.