Колумбияда әуе апатынан кейін жоғалған балалар іздестіріліп жатыр
Колумбияда әуе апатынан аман қалып, ну орманда жоғалған 4 баланы іздеп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мамырдың бірінде осы балалар анасымен ұшып келе жатқан ұшақ ну орманға құлаған болатын. Жуырда әскерилер ұшақ қалдықтары мен 3 адамның денесін тапты. Балалар аман қалып, оқиға орнынан кетіп қалған көрінеді. Құтқарушылар олардың іздерін тапты. Ең үлкені 13 жаста, ең кішісі – 11 айлық нәресте. Тағы екеуі 9 бен 4 жаста. Қазір әскердің арнайы бөлімі осы өңірде тұратын байырғы халық өкілдерімен бірге балаларды іздеп жатыр.
Педро Санчес, арнайы операциялар тобының басшысы:
- Оларды тапқан жоқпыз. Бірақ іздерін таптық, яғни маракуйя жемісінің қабығын, пияз, қайшы мен кейбір саусақ іздері анықталды. Елдегі ең үздік мамандар оларды іздеп жатыр.