Бидай бағасы арзандады
Әлемдік нарықта бидай арзандады.
Бүгін Чикаго биржасында соңғы екі жылда алғаш рет астықтың бір тоннасының бағасы 220 доллардан төмен түсті. Бұған ,,Астық келісімінің,, тағы екі айға ұзартылғаны себеп. Сондай-ақ негізгі астық экспорттаушы елдердің бірі Ресейде биыл өнім бітік шығады деген болжам бар. Жүгері мен сояның да бағасы арзандады.