Мексикада жанартау оянды
Мехиконы және елді мекендерді қалың шаң торлап тұр.
Попокатепетль деп аталатын жанартау 1994 жылдан бері белсенділік танытып келеді. 100 шақырым айналасында 25 млн адам тұратындықтан мамандар оны мұқият бақылап отыр. Соңғы кезде оның белсенділігі күшейе түсті. Осыған байланысты бірнеше қалаларда мектептер жабылды. Мехикодағы үш әуежай бірнеше сағат жұмысын тоқтатқан. Билік өкілдері тұрғындарға сыртқа шықпауға нұсқау берді. Өйкені жанартаудан атылған күл денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Айта кеткен жөн, Мексикада 46 белсенді жанартау бар. Соның алтауы аса қауіпті саналады.