АҚШ-тың Гуам аралдарына «Мавар» дауылы жақындады
АҚШ-тың Гуам аралдарына «Мавар» дауылы жақындап, одан төнген қауіпке дайындық жұмыстары басталды.
Тынық мұхитында жыл-жыған дүлей жел 200 шақырым жылдамдықпен соғуда. Синоптиктер дауыл Гуамға көп шығын келтіруі мүмкін деп отыр. Өңірде уақытша паналау орталықтары ашыла бастады.
Лу Леон Герреро, Гуам аралдарының губернаторы:
- "Мавар" өте қауіпті. Мен тұрғындарды барынша абай болып, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамын.