Британия су сапасына алаңдайды
Англиядағы өзендердің экологиялық жағдайы көңіл көншітпейді.
80 прценті талапқа сай емес. Бұл Еуропа бойынша ең нашар көрсеткіштердің бірі. Мамандар жағдай бұдан да нашар болуы мүмкін дейді.
Ұлыбританияда күн жылынып, жағажайда су спортымен айналысатындар қатары көбейді. Алайда Девон графтығында спортшылар судың сапасына қатысты алаңдаулы. Өйткені жуырда жергілікті компаниялардың бірі мұнда ағын сулардың ағызғаны анықталды. Сол үшін кәсіпорынға 2 жарым миллион фунт айыппұл салынды. Енді осыдан кейін тұрғындар өз денсаулығына алаңдай бастаған.
Барри Коллинз, ескекші:
- Судың сапасы нашарлап кеткен. Әрине біз оны ішейін деп жатқан жоқпыз. Соншалықты таза болсын деген талап қоймаймыз. Бірақ соңғы оқиғалардан кейін денсаулығымызға алаңдамаймыз. Сууға түсуге қорқамыз.
Ұлыбританияда 425 жағажай бар. Көбінде судың сапасы тиімті талаптарға сай келмейді. Әсіресе осы Девон графтығындағы өзен-көлдердің жағдайы алаңдатады. Сондықтан мұнда суға түсу маусымы аяқталғанға дейін, яғни қыркүйекке дейін арнайы датчиктер орнатылған. Белсенділер апта сайын ондағы аммиак мөлшерін тексеріп отырады.
Брюс Ньюпорт, қоршаған ортаны қорғау агенттігінің өкілі:
- Біз судағы түрлі бактерияларды зерттейміз. Соларға қарап тіршілік нәрінің қаншалықты таза екенін білеміз.
Судың сапасына қатысты ақпарат интернетте жария етіліп отырады. Оны ластаған компаниялар жауапқа тартылады. Кейінгі 5 жылда оларға 250 миллион фунт айыппұл салынған. Алайда соның өзінде кәсіпорындар қоршаған ортаға зиянын тигізуін жалғастырып келеді. Сондықтан экобелсенділер айыппұл көлемін арттыру керек дегенді алға тартады. Қоршаған ортаны қорғау агенттігінің мәліметіне сәйкес, 2021 жылы жергілікті компаниялардың өзен-көлдерге лас қалдықтарды ағызуының 373 мың дерегі тіркелген. Сорақысы сол, жағажайдағы датчиктердің 90 проценті істкен шыққан көрінеді. Сондықтан экологтар шындығында жағдай біз ойлағаннан да қауіпті болуы мүмкін дейді.
Жұлдыз Атагельдиева