Абу-Дабиде кітап көрмесі өтті
Абу-Дабиде халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті.
Биылғы көрмеге әлемнің алпыс елінен делегат келді. Арасында Қазақстандық баспагерлер де бар. Көрмеге қатысушылар жаңа технологиялармен танысып тәжірибе алмасты.
Бибігүл Нысанбаева, тілші:
- Биыл көрмеге 150 мың адам тіркеліпті. Олар авторлар, баспагерлер, аудармашылар, технологиялық компания қызметкерлері. Кітап ісі саласының кәсіпкерлері осы көрмеден жаңа серіктестер табады. Авторлар жаңа аудитория жинайды. Бұл мүмкіндік. Қазақстандық баспа мамандары мұны жақсы біледі. Жыл сайын болмаса да, араға жыл салып арнайы келеді. Баспадан жаңа шыққан кітаптарды да ала келеді.
Қазақстанның баспагерлері ауымдастығы он бес жылдан бері шетелдің кітап жәрмеңкелеріне отандық баспалардан жарық көрген кітаптарды таныстырып отырады. Абу-Даби көрмесіне қазақстандық ақын-жазушылардың үздік туындылары мен аударма кітап, танымал әдебиеттер қойылды.
Баян Қабылаш, баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар қауымдастығының жоба менеджері:
- Көрмеге қатысудағы мақсат біз араб елдері баспаларының арасындағы авторлық құқық алмасу, кітап аударма байланыстарының тығыз болуын және авторлық құқықтың сатылуын және авторлық құқықтардың сатып алынуы бойынша келіссөздер өткізуге келдік.
Әлемдегі кітап көрмелеріне үздіксіз қатысып тұрамыз. Осыған дейін біраз кітапр аударылды. Ол кітаптар әр тілде - орыс, қытай, түрік және араб тілдеріне аударылды.
Дәстүр бойынша Абу-Даби кітап көрмесін ұйымдастырушылар әр жылда әртүрлі елдің ақын жазушыларына арнайы шақырту жасап, құрмет білдіреді. Биылғы көрменің қонағы Түркия мемлекеті. Әдебиет әлемін паш ететін 30-ға жуық ақын, жазушы, академиктер мен өнерқ айраткерлері келіп, әдеби-мәдени сұхбат өткізіп, қолтаңба қою рәсімін жасады. Кітапсүйерлерге жаңа кітаптарды таныстырып, кескіндеме, каллиграфия және иллюстрациядан шеберлік сабақтар өткізді.
Садик Ялсизукан, жазушы (Түркия):
- Мұнда келгенімізге әрине қатты қуаныштымыз. Біз түркі әлемі, араб әлемі, балқандар, Африка барлығымыз ортақ шығыс әлемі болып саналамыз. Шығыс әлемінде әрі рухани, әрі танымдық, әрі әдеби өнер салты бар. Моңғолиядан Қазақстанға, Сараевоға, солтүстік Африкаға жалғасқан алып әдебиет әлемі бар. Араб әлемі де тап сондай. Қазіргі заманғы Аду-Даби әдебиеті де бай азмұнды. Түрік жазушысы Орхан Памук Нобель сыйлығын алғанын білесіздер. Содан бері Түрік әдебиеті әлем назарында. Әлбетте, түркі тілдес елдер, біздің Түркі әлемімен арамыз жақын,байланысымыз жақсы.
Ағылшын Джон Саттерли кітап саласына өмірін арнаған адам. Әйелі, үш баласын алып, кемемен мұхиттар асып, әлем шарлайды. Джон қызмет қылатын компанияның иелігінде бес алып кеме бар. 52 жылдан бері олар осылай кітап саудасын жолға қойған. Жуырда ғана сатып алынған су жаңа кемемен Азия елдерін - Малайзия, Сингапур, Тайланд, Комбоджо, сосын Африканы аралап, Таяу Шығыс елдеріне бағыт алыпты.
Джон Саттерли, «Logos Hope» кітап кемесі әдебиет бөлімінің директоры (Ұлыбритания):
– Кемемен Рас саль хайма әмірлігіне, Дубай қаласына бардық. Бүгін Абу Даби портына келіп тоқтады. Осы көрмеге кітаптарымыздың кішкене бөлігін ғана қойып отырмыз. Ондағы ойымыз, көрмеге қатысушыларды кітап кемемізге шақыру. Мұхит болмағандықтан, өкінішке орай, Қазақстанға бара алмаймыз. Дегенмен, бүгін көрмеге келген қазақстандық әріптестерімізбен танысып, байланыс орнаттық. Біз кітап саудасынан бөлек, 1971 жылдан бері қайырымдылықпен айналысамыз. Әлем халқының көзі ашық, сауатты болуына мүдделіміз.
Ақпараттық заман туып адамзаттың кітап оқудан қалып бара жатқандығы жиі айтылып жүрсе де, кітаптың қадіріне жеткендер анық біледі, «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» - Абай сөзі. Айтқандай, халықаралық кітап көрмесі 28 мамырға дейін жалғасады.
Бибігүл Нысанбаева, Нұраш Райс