Израильде жаппай ереуіл тыйылмай тұр
Израильде де жаппай ереуілдер тыйылмай тұр. Бұл жолы халық мемлекеттік бюджеттің дұрыс бекітілуін талап етуде.
Жиналған жұрттың айтуынша, егер үкімет бюджетке қатысты дұрыс реформа жүргізсе, премьер-министр Беньямин Нетаньяху қоғам алдында ұпай жинау мүмкіндігіне ие болады. Соңғы уақытта үкімет басшысы қабылданған сот заңнамасына қатысты халық наразылығынан беделін жоғалтқан болатын. Тұрғындар сот құзыретінің күшінің әлсіреуіне қарсы болған. Халық енді қосымша ақша бөлінсе, тұрғындар инфляцияға төтеп беріп, ел тарихында бұрын-соңды болмаған қаржы дағдарысынан шығу амалдарын қарастырады дейді. Қазір үкімет өкілдері оппозициямен келіссөздер жүргізуде, бірақ әзірге бұдан еш нәтиже шықпай тұр.