Иммиграция мен миграция ісі бүгінде әлемдік проблема айналды
Бақытын басқа елден іздегендер қатары жылдан-жылға артып барады.
Біріккен Ұлттар ұйымының мәліметі бойынша 2022 жылы босқындардың жалпы саны 100 миллионға жеткен. Антониу Гутерриштің айтуынша, тағы 115 миллион адам қарулы қақтығыстар кесірінен ашаршылыққа тап болған. Осыған байланысты Ұйым басшысы әлем елдері мен қақтығысушы тараптарды халықаралық гуманитарлық құқық аясындағы міндеттемелерін бұзбауға шақырып, бейбіт халық пен азаматтық инфрақұрылымды қорғауға үндеді. Жалпы, БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттіктің өткен жылға қатысты дерегі бойынша мигранттардың 70 пайызынан астамы негізінен 5 елден шығады екен. Өзге елден тұрақ тапқандардың саны жағынан Сирия алдыңғы орында. Екінші орында Венесуэла, ал үшінші орында Украина түйіндейді. Одан кейін Ауғанстан мен Оңтүстік Судан жайғасқан.
Босқындар ең көп шыққан елдер:
Сирия – 6,8 млн адам
Венесуэла – 5,6 млн адам
Украина 5,4 млн адам
Ауғанстан – 2,8 млн адам
Оңтүстік Судан – 2,4 млн адам
Мамандар дәл осы босқындардың қайда кетіп жатқаны бойынша рейтинг жасаған. Әлем бойынша мигранттарды ең көп қабылдаған мемлекет Түркия саналады. Бұл елден 3 миллион 700 жүз мыңдай адам пана тапқан.
Босқындарды ең көп қабылдаған елдер:
Түркия – 3,7 млн адам
Колумбия – 2,5 млн адам
Германия – 2,2 млн адам
Пәкістан – 1,5 млн адам
Уганда – 1,5 млн адам
Түркия
Осы аптада президенттік сайлаудың екінші туры өтетін Түркияда мигранттар ісі қазір жіті талқыланып жатқан тақырыптардың бірі. Тіпті президенттік сайлау науқаны кезінде Режеп Тайып Ердоғанның басты қарсыласы Кемаль Кылыч-дароғлы сириялық келімсектердің бәрін кері қайтаруға уәде берген болатын. Өз кезегінде Ердоған сайлаудың екінші турында жеңіске жетсе, олардың ешқайсысы елден қуылмайды деп сендірді.
Италия
Бүгінде мигранттар үшін ең тартымды аймақ Еуропа екені белгілі. Мұны ресми статистика да растайды. Осы айдың басында кәрі құрлыққа ағылған африкалық босқындардың күр көбейгені байқалған. 2022 жылдың қаңтар-сәуір аралығындағы көрсеткішпен салыстырсақ, биыл олардың саны 4 есе көп.
Франция
Баспана сұраушы:
- Мұнда жүргеніме 2-3 жыл болды. Әрі қарай да осында қала бергім келеді. Англияға кетіп қалуға болар еді, бірақ ол жақта жаңа ережелер енгізіліп жатыр. Руандаға қайтарып жібереді.
Хьюго, жергілікті тұрғын:
- АҚШ-та да заңсыз мигранттар өте көп. Латын америкасы елдерінен ағылып жатыр. Негізі мұның бәрі отарлау тарихымен байланысты деуге болады. Батыс елдері кезінде кедей елдердің байлығын алып қойды. Енді сол елдердің азаматтары жаппай отанынан көшуге тырысып жатыр. Ал бұл өз кезегінде халықаралық деңгейдегі проблема айналып барады.
Заңсыз миграцияның зардабын тартып жатқан елдердің бірі қазір Италия. Бұл елде рекордттық көрсеткіш тіркеліп жатыр. Осыған байланысты өткен айда ел билігі төтенше жағдай режимін де жариялады. Бұдан бөлек, мигранттар ағынына төтеп бере алмай жатқан өңірлерге үкімет 5 миллион еуродан көмек беру туралы шешім қабылдады. Жалпы, бұл мәселенің өршігені сонша ол ДЖИ 7 саммитінде де көтерілді.
Кемаль Кылычдароғлы, Түркия президенттігіне үміткер:
- 10 миллион заңсыз мигранттың арамызда жүруіне жол берген адамға отанымызды қалдырып кете алмаймыз. Бәріңізге осыны айтқым келеді.
Ұлыбритания
Өз кезегінде Британия да иммиграциялық жүйені қатаңдатып жатыр. Бұдан былай оқуы зерттеу қызметімен байланысты емес аспиранттардың жұбайлары мен балалары Ұлыбританияда тұруға рұқсат беретін визаларды ала алмайды. Үкімет басшысы Риши Сунактың айтуынша, жаңа ереже елге ағылған иммигранттар санын азайтуға бағытталған. Жалпы, ресми есепке көз жүгіртетін болсақ, былтырдың өзінде шетелдік аспиранттардың туыстарына 136 мыңға жуық виза берілген. Бұл 2019 жылғы көрсеткіштен тоғыз есе көп. Ал биылғы одан да жоғары. 700 мың адам заңды түрде шекарадан өткен.
АҚШ заңсыз миграцияның жолын кеспек
АҚШ та қолынан келгенше заңсыз миграцияның жолын кесуге тырысып бағуда. Ол үшін елге кіру тәртібін қатаңдататын жаңа құжат қабылдады. Енді шекарадан заңсыз өткендер жазаға тартылады әрі кері қайтарылады. Яғни пандемия кезінде енгізілген 42-ші түзету күшін жойды. Осы құжат бойынша шекарашылар заңсыз кескен босқындарды бірден кері қайтарып жіберетін. Енді АҚШ билігі одан да қатаң тәртіп енгізіп отыр. Соған қарамастан Мексика мен АҚШ шекарасында мыңдаған мигрант бері қарай өтуге үмітті. Жаңа ереже бойынша мигранттар АҚШ-қа кірмей тұрып, алдымен Мексика секілді транзитті елден баспана сұрауы керек. Мексика меселін қайтарса, АҚШ-қа өтініш бере алады. Бірақ шекарадағы мыңдаған мигрант бірден өмір сүру сапасы жоғары, еңбекақысы көбірек Амирканы көздейді. Сондықтан қаншалықты қауіпті болса да, шекараны түрлі жолдармен заңсыз кесіп өтуге дайын.