Суэц каналында кеме қатынасы қалпына келді
Суэц каналында қайраңға тағы тұрып қалған ірі жүк кемесін буксирлер шығарып алды.
Кеме қатынасы қалпына келді. Суэц каналы арқылы жылына 19 мыңға жуық кеме өтіп, әлемдегі жүктің 12%-ы тасымалданады.
Естеріңізде болса, осыдан екі жыл бұрын "Евә Грин" жүк кемесі арнаны алты күнге жауып тастағанда, жаһандық компаниялар күніне 9 миллиард 600 миллион долларға шығынға батқан болатын.