Қытайдың Ухань қаласында өздігінен жүретін аспалы пойыздар қатынай бастады
Монорельспен жүретін көлік 200 жолаушыны тасымалдай алады.
Терезелері мен едені шыныдан жасалған. Жылдамдығы сағатына 60 шақырымға дейін жетеді. Сынақтан өткізіп жатқан көлікті, жылдың соңында іске қосады. «Мұндай көліктерді қалада таптырмас әрі ыңғайлы қатынау құралы ретінде пайдалануға болады»,- дейді мамандар.
Ван Кечен, бас конструктор:
- Ең алдымен, метромен салыстырғанда аспалы көлікті салуға 4-5 есе аз қаражат жұмсалады. Екіншіден, инфрақұрылымын едәуір тез салуға болады.